COVID-19
Шымкент қаласында өткен тәулікте 2435 адам вакцина алды
Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде 2435 адам вакцина салдырды: I компонент – 1503, II компонент – 932. Егу науқаны басталғалы барлығы 207 471 адам вакциналанды. Оның ішінде 111 647 адам вакцинаның екі компонентін алды.
13 маусым күні КВИ-дің 42 жағдайы тіркелді (белгілері бар - 21, белгілері жоқ – 21). 9 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 33 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 276 орын бар.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша 20 мобильдік топ жұмыс істейді. 2021 жылы 13 маусым күні 187 нысанға (186 кәсіпкерлік нысан, 1 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 8 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Вакциналау бекеттерінің саны артып келеді. Қала тұрғындарын қоғамдық орында бетперделік режимді сақтап, тезірек екпе алуға шақырамыз.