Bugin event

Халық санағына дайындық кезеңі басталды

Әл-фараби ауданында ұлттық  халық санағына дайындық кезеңі басталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биыл Қазақстанда 3 рет  Ұлттық  халық  санағы өткізіледі. Әл-Фараби ауданының мамандары Шымкент қаласының Статистика департаменті қызметкерлерімен  бірлесе халық санағына  дайындық кезеңін бастады. Маусым айында мекенжай мен тұратындар санын  нақтылау мақсатында ауданға қарасты барлық тұрғын және тұруға арналмаған үй-жайларды толығымен аралап шығады. Бүгінде Сауле, Көркем(Забадам), Береке (195, 275,276 орамдар)  шағын аудандарында үй басқарушылармен бірге  халық санағы бойынша түсіндіру жұмыстары жүрігізілуде. 

Айта кетейік, аудан аумағын аралап, халық санағын жүргізетін интервьюердің мөрмен расталған куәлігі, 2021 жылғы санақтың белгісі бар көк түсті портфелі мен шарфы болады. 
Жалпы халық санағы 2021 жылы  1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында  өткізіледі. 
Кез келген сұрағыңызға жауапты 1446 нөміріне қоңырау шалу арқылы біле аласыз.
Қазақстанда әрбір азамат маңызды.