Экономика

Екі әкім жылы орнын босатты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік тексеріс жүргізілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді,- деп хабарлайды Bugin.kz платформасы

Баспасөз хатшысының айтуынша, 24 мамырда "Казахстанская правда" газетінде "Заложники равнодушия" атты мақала жарияланған. Онда Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге арнап салынған тұрғын үй сапасының нашарлығы туралы сөз болды. Соған байланысты Тоқаев тексеріс жүргізуді тапсырған болатын.

"Жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша мақалада келтірілген деректер расталды. Үкімет пен облыс әкімдігі кемшіліктерді жою жұмысымен айналысып жатыр. Бұл бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарында олқылықтарға жол бергені үшін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау және Есіл аудандарының әкімі қызметінен босатылды", - деді Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісінде.

Оның айтуынша, СҚО әкімінің орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі облыстық басқарманың басшысы, сондай-ақ бес ауданның әкімдері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.