Саясат
Жанболат Мамай мен Бауыржан Байбектің арасындағы сот процессі аяқталды
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қос белсендінің үстінен талап арыз түсірген болатын. Арыз бойынша Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 соты тергеу жұмыстарын жүргізді. Азаматтық-процессуалдық процесте судья шағымданушы пайдасына шешім шығарды.
Судьяның айтуынша, белсенді Жанболат Мамай фильмдегі айыптауларға бірде-бір дәлел ұсынбаған.
Сондай-ақ сот шешімімен жауапкерлер Жанболат Мамай мен Инга Иманбай кінәлі деп танылды. Нәтижесінде, Бауыржан Байбек туралы "youtube" арнасында таралған видеоны өшіруге, 800 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге міндетті болды.