Weekend
3 есе қаражат үнемдеген
Цинхуа университетінің Пекин сәулет мектебі бетоннан ұзындығы 26,3 метр көпірді 3D-принтерде басып шығарды. Бұл туралы Dezeen хабарлайды.
Баошань ауданында арна арқылы төселген ені 3,6 метр жаяу жүргіншілер көпірі әлемдегі ең ұзын ғимарат болып табылады. Жоба авторлары ең ескі 1400 жылдық қытайлық Аньцзи көпірінің арка формасын қайталады.
Дизайнерлердің айтуынша, көпірді басып шығару дәстүрліқұрылыспен салыстырғанда үш есе арзан болған. Ол арматура мен тордың болмауы есебінен үнемделген.
Бұл аркалық формада жасалған көпір полиэтилендік фибробетоннан жасалған. Барлық элементтерді басып шығаруға 450 сағат кеткен.
Көпірге уақыт өте келе бетонның деформациясын бекітетін мониторинг жүйесі орнатылған.