Денсаулық
Шымкентте өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 161 адам емделіп шықты
Шымкентте өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 4 жағдай тіркелді. 4-еуі де симптомды 4 адам инфекциялық стационарға жатқызылды.
Ал кешегі күні 161 науқас емделіп шықты. Сондай-ақ, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 185 адам ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы «жасыл аймақта» тұр. Бұл ретте медицина мамандары карантин режиміне сәйкес санитариялық-эпедемиологиялық талаптарды қатаң түрде сақтау қажеттігін және екпе жүргізу қажеттігін ескертеді.
Айта кетейік бір тәулік ішінде қалада 7220 адам вакцина алды
(I компонент-3203, II компонент-4017). Егу науқаны басталғалы барлығы 210 851 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 115 934 адам вакцинаның екі компонентін алды.