COVID-19

Коронавирус эпидемиясы аяқталды

Словения үкіметі коронавирус эпидемиясы аяқталғаны туралы ресми түрде мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы US News порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Үкіметтің хабарламасында былтыр 12 наурызда енгізілген эпидемия режимі 16 маусымнан бастап алынатыны жазылған. 

Ал елдің Денсаулық сақтау министрлігі эпидемияға қарсы шаралар 17 маусымға дейін сақталатынын, кейіннен ол қайта қарастырылатынын хабарлады. Жабық нысандарда маска тағу және дезинфекциялық құралдарды қолдану міндетті. 

"Бүгіннен бастап Словенияда эпидемия ресми түрде аяқталады, бірақ коронавирусқа қарсы күрес әлі біткен жоқ. Вакцинация эпидемияны бақылауда ұстаудың негізгі шарасы болып қала бермек", - делінген ДСМ хабарламасында.  

Соңғы мәліметтер бойынша, елде кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырған 112 адам анықталған.