Саясат

Байден мен Путиннің кездесу уақыты анықталды

АҚШ президенті Джо Байденнің Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесуі қай уақытта басталатынын айтылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы Tengrinews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ пен Ресей Президенттерінің Женевадағы екіжақты кездесуі 16 маусымда яғни бүгін жергілікті уақыт бойынша 13.35-те  басталады деп хабарланған. Кездесу басталардан 10 минут бұрын Байден Путинмен және Швейцария Президенті Ги Пармеленмен суретке түседі.

Делегациялардың қатысуымен Байден мен Путиннің кеңейтілген кездесуі Нұр-сұлтан уақытымен 18.55 - те басталады, ал 20.40-та осы кездесудің екінші раунды өтеді.

Путинмен кездесуден кейін Байден баспасөз мәслихатын өткізеді,- деп растады Ақ үй.

Естеріңізге сала кетейік, саммитте Ресей мен АҚШ басшылары екіжақты қарым-қатынастарды, стратегиялық тұрақтылық пен халықаралық күн тәртібін, соның ішінде covid-19 пандемиясымен күрестегі ынтымақтастықты және аймақтық қақтығыстарды шешуді талқылайды деп күтілуде.