Bugin event
Шымкентте қала күніне арналған барлық іс-шаралар ашық аспан астында өтеді
Шымкент қаласының 2200 жылдығы және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 19 маусым - Қала күні мерекесі тойланады.
Осыған орай, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен 15-20 маусым аралығында 52 мерекелік іс-шараны өткізу жоспарланды.
Барлық іс-шаралар ашық аспан астында өтеді. Шымкенттіктер мен қонақтар үшін қала орталығындағы саябақтарда кітап көрмесі, театрларда тегін қойылымдар, жаңарған, күрделі жөндеуден өткен заманауи кітапханалардың ашылу салтанаты, ашық аспан астындағы түрлі ойын-сауық кештері болады.
Айта кету керек, театр, мәдениет сарайындағы мерекелік қойылымдарға келген көрермендер Ashyq қосымшасы арқылы тексеріліп, ара қашықтықты сақтай отырып тамашалайды. Сонымен бірге іс-шараларды тамашалаушылар антисептик қолданып, бетперде тағуы міндетті.
Ал мерекелік іс-шараларының бастамасы болып бүгін сағат 15.00-де Әл-Фараби қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында жазушы, шежіреші Момбек Әбдіәкімұлының «Шымкент қаласының тариха» атты жаңа кітабының тұсауы кесіледі.