Қарттар үйіне қайырымдылық жасауға барған жігіттер үлкен кісілерді бір серпілтіп тастады
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Желіде тараған видеода жігіттер қарттарға үйге киетін аяқ киім сыйлады. Балаша қуанған қариялар қайырымды жандарға батасын беріп, алғысын жаудырды.
Tik-Tok-та Бота есімді желі қолданушысы әсерлі видео жария етті. Онда қайырымды істермен айналысатын жастар қарттар үйіндегі қарияларға үйге киетін аяқ киім сыйлады. Қариялардың бірі қал-жағдай сұрасқанда жігіттерге ауылға қайтқысы келетінін айтып қалған.
“Қайтқым келіп жатыр еді ауылға, балаларды сағындық”, – дейді әжей. Бұл сөз желі қолданушыларының көзіне жас үйірді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61