Қоғам

"Балаларымды сағындым". Қарттардың қайғысы жүректі елжіретті

Қарттар үйіне қайырымдылық жасауға барған жігіттер үлкен кісілерді бір серпілтіп тастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Желіде тараған видеода жігіттер қарттарға үйге киетін аяқ киім сыйлады. Балаша қуанған қариялар қайырымды жандарға батасын беріп, алғысын жаудырды. 

Tik-Tok-та Бота есімді желі қолданушысы әсерлі видео жария етті. Онда қайырымды істермен айналысатын жастар қарттар үйіндегі қарияларға үйге киетін аяқ киім сыйлады. Қариялардың бірі қал-жағдай сұрасқанда жігіттерге ауылға қайтқысы келетінін айтып қалған.

“Қайтқым келіп жатыр еді ауылға, балаларды сағындық”, – дейді әжей. Бұл сөз желі қолданушыларының көзіне жас үйірді.

Есімдері белгісіз бір топ жігіт қарттарға сыйлыққа әкелген тәпішкесін өз қолдарымен кигізіп берді. Балаша қуанған қариялар жігіттерге алғысын жаудырды. “Дәп-дәл, ой рақмет, балам”, – дейді аяқ киімді киіп өлшеп көрген қариялардың бірі.