Экология
Синоптиктер 22-24 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды
Метеорологтардың мәліметінше, кезең ішінде Қазақстанның батыс аудандары антициклон жотасының ықпалында болады. Жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. Ал республиканың қалған аумағына Солтүстік циклон әсер етеді. Мұнда найзағай, бұршақ, екпінді жел болып, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.
"Солтүстікте, шығыста және орталықта түнгі уақытта 5-13, күндіз 12-23 жылу, оңтүстік жартысында түнде 12-22, күндіз 24-35 жылу, батыста түнде 15-25, күндіз 34-42 жылу болады", - делінген хабарламада.