Bugin event

Шымкент қаласының әкімі суағарлар құрылысын бақылап қайтты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар инженерлік-инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысын аралап көрді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қала әкімі «Көмешбұлақ» су жинақтаушысынан «Тұран» шағынауданы айналма жолына дейінгі 3 магистралды суаққының құрылыс алаңына барды. 

Тұран шағынауданында «Көмешбұлақ» су жинақтаушысынан бастап айналма жолға дейін ұзындығы 4,48 шақырым су тартқышының 2 желісін салу жұмыстары жүргізілуде. 
Бас мердігер – «Сарыағаш-Аман» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталған болатын. Мердігер мекеме құрылысты биыл қыркүйек айында аяқтауды жоспарлап отыр.

Су құбырларының ұзындығы – 11,378 шақырым. Бүгінге дейін 6,262 шақырым құбыр жұмыстары аяқталды.
Қала әкімі жауапты мердігерлерге жұмысты сапалы әрі тиісті мерзімде аяқтауды тапсырды.