COVID-19
Шымкентте өткен тәулікте коронавирустан 64 жағдай тіркелді
Өткен тәулікте Сovid-19 инфекциясын жұқтырған 64 жағдай (46-сы симптоммен, 18-і симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 25 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 39 адам үй бақылауына алынды. Сондай-ақ, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 327 азамат ауруханада ем қабылдап жатыр.
Коронавирус жұқтырмаудың бірден-бір жолы- екпе алу. Бұл ретте бір тәуілік ішінде қалада 6528 адам вакцина алды (I компонент-3498, II компонент-3030). Айта кетейік, егу науқаны басталғалы барлығы 235 809 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 138 987 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Қазір кезде індеттің қаупі сейілген жоқ. Осы ретте медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға, бетперде тағуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтап, адамдар көп жүретін қоғамдық жерлерге бармауға шақырады.