Экономика
Елордада жеңіл рельсті көлік желісінің құрылысы 2023 жылдың шілде айында аяқталады
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Аталған ақпаратты қытайлық мердігер компанияның басшысы Фу Сицзюнь растады.
Қазір халықаралық әуежайдан бастап Қабанбай батыр көшесіндегі айналма жолға дейінгі аралыққа қажетті техника мен жаңа конструкциялар жеткізілді. Қалалық көлік қызметінің мамандары қытайлық мердігер компания дайындық жұмыстарын пысықтап жатқанын айтады. Олардың ақпаратына сәйкес қазіргі жұмыс кестесі пандемияға байланысты өзгертілген болатын.
“Қытайлық консорциумның мердігер компаниясы келісім-шарттағы міндеттемелерін орындап, дайындық жұмыстарын пысықтап жатыр. Халықаралық әуежай мен Қабанбай батыр көшесінің айналма жолға дейінгі аралығы қамтылады. Құрылыс-монтаж жұмыстарының кестесі пандемияға байланысты өзгертілген еді”,- дейді Нұрсұлтан Ибраев, «СTS» ЖШС Қоғаммен байланыс қызметінің Бас менеджері.