Bugin event

Жолаушылар иесі сүйреген итті құтқарып қалды

Куәгерлер итті көлігімен сүйреп бара жатқан адамның көлігіне тап беріп, жануарды құтқарып қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Оқиға Талғар тасжолында болған. Куәгерлер болған жайтты видеоға түсіріп, almaty_pomosh_zhivotnym Instagram парақшасында жариялаған. 

"Жүргізушіге шабуыл жасап, көлікті шетке қарай итеруге тура келді. Бірнеше көлік болды. Көлікте жүргізушіден бөлек кішкентай балалар болды. Үш жүк көлігі мен төрт жеңіл көліктің арқасында жүргізушіні тоқтатып, жіпті кесіп, итті босаттық. Қатты зардап шеккен, үсті-басы қан, бірақ аман қалған", - дейді куәгерлердің бірі. 

Ит ветеринарлық клиникаға жеткізіліп, жаралары таңылды. Куәгерлер бірден полицияға арыз жазған. Итті көлігіне байлап алып, сүйреген ер адамды құқыққорғау органдарының өкілдері іздестіріп жатыр.