Спорт
Аргентиналық шабуылшы және Испанияның Барселона клубының капитаны Лионель Месси еркін агент атанды
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Футболшының "Барселонамен" келісімшарты 2021 жылдың 1 шілдесінде аяқталады.
Қос тарап та жаңа келісімге қол қою туралы ресми түрде хабар берген жоқ. Мәміле жасалған жағдайда Мессидің жаңа келісімшарты "трансфер" болып саналады.
Қаржылық қиындықтарға байланысты Барселона басшылығы Мессимен 200 миллион еуроға бағаланатын жаңа мәміле жасау үшін инвестициялар тартуға тырысты.
Месси "Барселона" командасында 2000 жылдан өнер көрсетіп келеді. Ол 2003 жылдың қарашасында негізгі құрам үшін дебют жасады.