Bugin event

"Қазақша сөйле": Тараз тұрғыны блогердің орысша сөйлегеніне килікті

"Жека Fatbelly" атымен танымал блогер және ресторатор Жеңіс Омаровқа тараздық тұрғын қазақша сөйлеуін бұйырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Тараз қаласының тұрғыны жаңа фаст фуд орталығының ашылуында өнер көрсеткен блогердің сөзін бөліп, қазақша сөйлеуін талап еткен. 

Жеңіс Омаров алғашында жағдайды түсіндіруге тырысқан. Дегенмен соңында тұрғынның  талабын қабыл алып, әрі қарай шараны қазақша жүргізді. 

Еске сала кетсек, "KEX group" аталатын фаст фуд желілер компаниясы бірнеше танымал блогерлермен Қазақстанның оңтүстігінде түрлі шаралар ұйымдастыруда. Көпшілік олардың карантин талаптарын орындамағанына ызалануда.