Тың тарих

Шымкентте атақты тарихшының кітабының тұсауы кесілді

Шымкентте Өмірзақ Озғанбайұлының 5-томдық кітабының тұсаукесері өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін «Әл-Фараби» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында қазақстандық ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, қоғам және саясат қайраткері Өмірзақ Озғанбайұлының 80-жылдық мерейтойына орай кездесуі кеші ұйымдастырылды. 

Өмірзақ Озғанбайұлы 1941 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Аймақтық даму және жергілікті басқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Елге сіңірген абыройлы еңбектері еленіп «Парасат» орденімен, «Алтын Барыс» белгісімен және бірқатар мемлекеттік медальдардың иегері атанып, «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қызметкер» атағын иелеген. 

Кездесуге Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, ҚР құрметті судьясы Бекет Тұрғараев, белгілі ақын, жазушы Нармахан Бегалиев және зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар қатысты. Кездесу барысында мемлекеттік қызметтегі кәсібилігі мен белсенділігі арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен еңбекқорлық, ізгілік пен ізденіс сияқты игі қасиеттерге баулып, жастарға үлгі-өнеге болып келетін Өмірзақ Озғанбайұлының 5-томдық кітабының тұсаукесері өтіп, туындылар Әл-Фараби кітапханасына сыйға тартылды.