Bugin event

"Бүгінгі күннің батыры": Балнұр Ермекбаева елдің алғысына бөленді

Батыс аймаққа 30 тонна шөпті ешбір кедергіге қарамастан жеткізген қазақ қызы елдің алғысына бөленді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Ақтөбеден Маңғыстау малшыларына деп халықтан жиналған 30 тонна шөпті ешбір кедергіге қарамастан жеткізген қазақ қызы елдің алғысына бөленді. KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында Балнұр Ермекбаева бұл істі жария етуді қаламағанын, оны қандай да бір танымалдық үшін жасамағанын айтады.

Балнұр Ермекбаева жолдасымен бірге мал шаруашылығымен айналысады. Олар былтырдан бері Алмасбек Садырбаев құрған “Шопан ата” қауымдастығының мүшесі. “Жолдасым бұрыннан мал шаруашылығын қолға алсақ деп жүрген. Бір күні Алмасбек Садырбаевтың желідегі видеоларын көріп, қызығушылық танытып, көптеген пайдалы ақпараттарды естіп білдік. Сөйтіп, “Шопан ата” қауымдастығына мүшелікке кіріп, “Қазына” ғылыми білім беру оқу орталығында білім жетілдірдік. Жолдасым – техник ұрықтандырушы, ал мен ЭВМ операторы мамандығы бойынша қысқа мерзімді оқуды бітірдік”, – дейді Балнұр Ермекбаева.

Ақтөбе облысында Маңғыстауға шөп жеткізу жұмыстарын ұйымдастырған Балнұр бұл істің басына қалай келгенін айтып берді.

Оның сөзінше, Алмасбек Садырбаев Маңғыстауға сапарында Ақтөбе облысынан шөп жинау жұмыстарын өзіне сеніп тапсырған.

Айта кетейік, биыл Қазақстанның батыс аймақтарында қуаңшылық белең алып тұр. Бұл іске мемлекеттен бұрын жеке тұлғалар көмек қолын созуды бастап кетті.