Bugin event

Алматы полициясы зорлық туралы жазбаға байланысты іс қозғады

Алматы полициясы әлеуметтік желідегі зорлық туралы жазбаға байланысты іс қозғады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін және оны Медеу аудандық полиция басқармасы тергейтінін хабарлады.

Instagram қолданушыларының бірі көйлегі жыртылып, соққыға жығылып, зорлық көрген қыз туралы айтқан. 

Оның айтуынша, қыздың ерні жараланып, денесі көгерген.

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті анықталып, жауап алынды. Сонымен қатар, жәбірленуші де, күдікті де мас күйінде болғанын атап өткен жөн, бұл медициналық куәландыру арқылы анықталды", - деді полиция өкілдері.