Саясат

Қазыбек Иса: "Көп балалары аналарға жұмыс істетпей-ақ, айлық беру керек"

Ақын, Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса көпбалалы аналарға мемлекеттен берілетін жәрдемақы жөнінде пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Қазыбек Иса Сенат депутаты Әли Бектаевтың сынға ұшыраған даулы мәлімдемесіне қатысты өз ойын айтты. “Кей тұрғындар арасында масылдық меңдей бастады. Халыққа жәрдемақы көп беріліп жатыр” деген Әли Бектаевтың пікірін Мәжіліс депутаты қолдамайтынын жеткізді.

“2019 жылы бес періште өртенді. Оның артынан әйелдердің көшеге шығуы басталды. Сол кезде жәрдемақы адам басына екі мың еді. Министр болып тұрған Мадина Әбілқасымова да осындай әңгіме айтып қалған. Сол кезде мен: “Бұл әлеуметті қорғау министрі ме, әлде әлеуметті қорлау министрі ме?”, деп жазғанмын, – дейді Мәжіліс депутаты.

Ақын, журналист Қазыбек Иса еліміздегі көпбалалы аналарға жәрдемақыны көп беріп, жұмыс істетпеу керек деген пікірде.

“Негізі біз жері үлкен әлемде тоғызыншы орында тұратын халқы өте аз елміз. Сондықтан қазақтың санын көбейту үшін қазақтың аналарын жұмыс істетпей-ақ жәрдем беріп отыру керек.

Үйінде бала көбейтіп отырған болса… Мысалы біздің “Ақ жол”партиясының саяси бағдарламасында аналардың алған несиесін бір бала туған кезде 75 пайыз, екі бала туған кезде 50 пайыз, үш бала болған кезде 25 пайыз қысқарту керек, төрт бала туған кезде несиесін жою керек деген пункт бар. Мемлекет өзі көтеріп алу керек несиесін. Біз сондай саясат ұстанбасақ біз көбеймейміз онсыз да. Халық қалай көбейеді? Екі жолы бар. Адамның тууынан және шетелдегі қандастарымыздың келуінен. Шетелдегі қандастарымыздың келуі 100 есе түсіп кетті. Ал мынау өзіміздің аналарымыз көшеде жұмыс істеймін деп үйінде балалары өртеніп жатыр. Бала бағып отырса әр балаға 25 мың берсе болады. Әр балаға 50 мың бер. Төрт бала туған аналарға жұмыс істетудің қажеті жоқ негізі. Жәрдемақы беріліп отырса, ол жұмысқа өзі де шықпайды ғой. Оған көшеге шығып, жұмыста жүріп, үйіндегі төрт баласын уайымдау керек пе, әлде төрт баласымен мемлекеттің беріп жатқан ақшасы жетіп жатса соны бағып отырғаны жақсы емес пе?”, – дейді депутат.