Hi-Tech

БАӘ-де жасанды жаңбыр жауды

БАӘ құрғақ жаз мезгілінде жауын-шашын жаудырудың жаңа технологияларын сынақтан өткізді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Портал мәліметінше, сәрсенбіден бері Біріккен Араб Әмірліктерінің әртүрлі ауданында жаңбыр 50 градус ыстыққа қарамастан жауып жатыр. 

"БАӘ-дегі Хатта ауылының солтүстігінде, Хаджар тау сілемінде, Вади әл-Хилу, Калба жолы және Хувайлат аудандарында жаңбыр жауды", - деп жазды портал.

Ұлттық метеорологиялық бюро Әбу-Даби әмірлігінің Әл-Айн қаласының маңындағы елді мекендерде жаңбыр жауып, температура 47 градусқа дейін көтерілгенін айтты. Синоптиктердің хабарына қарағанда, жазда БАӘ-ге жаңбыр Әмірліктерде бұлтты себу бойынша арнайы тәжірибелерден кейін жаңбыр жауған.

БАӘ-нің ыстық және құрғақ жерлерінде билік жаңбыр жаудыру технологияларын белсенді түрде дамытып жатыр, оның ішінде, биыл көктемде жауын-шашын көбеюінің жаңа тәсілдерін сынау басталды. Осыған байланысты Әмірліктер химиялық қосылыстарды пайдаланбай бұлттардағы электр разрядтары арқылы жаңбыр тудыруы мүмкін дрондарды қолдана бастады. Бұл сынақтарды Дубайдағы SANAD академиясы ұлыбританиялық Рединг университетінің ғалымдарымен бірге өткізеді.