Bugin event

Ақтауда әйел адам тапанша ұстап қайыр тілеп жүр

Ақтауда тапанша ұстап қайыр тілеп жүрген әйел жүргізушілердің зәресін қашырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Қала тұрғыны Маңғыстау энергетика колледжінің маңында түсірген видеомен бөлісті. 

"Мен бірден тереземді жауып алдым. Мұндайды бірінші рет көруім. Демек ол жүргізуші ақша бермесе, осылайша қоқан-лоқы көрсететін болды ғой?!" - дейді видео авторы. 

Ақтау қаласының полиция басқармасының қызметкерлері әйел адамды анықтады. Ол тұрғылықты мекенжайы жоқ адам болып шыққан.

Әйел адам полицияға жеткізілді. Оның қолындағы тапанша ойыншық болып шыққан. Полицияға ешқандай арыз-шағым түспеген. Қайыр тілеп жүрген әйелге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.