Bugin event

Қазақстандық қыз Ыстамбұлда қамауға алынды

Ыстамбұлда қазақстандық қызды соққыға жыққандар видеоға түсіп қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Ақпарат қызметінің мәліметінше, қазақстандыққа Түркия азаматына зақым келтірген деген айып тағылған. Оқиға түнгі клубта болған. Үш қыз клубқа барғанда күзетшілер оларды кіргізбей қойған. Шығудан бас тартқан үшеудің бірін сақшылар күштеп шығармақ болған.

Сол сәтте қазақстандық қыздардың бірі күзетшінің саусағын тістеп алыпты. Алайда бейнекамерада жігіттердің ол қызға бірнеше мәрте қол жұмсағаны анық байқалады.

Ал саусағым ісіп кетті деген күзетші ауруханада ем алып жатыр. Қамауға алынғаны күзетшінің саусағын тістеп алған қазақстандық қыз. Бүгінде бейнежазба тексеріліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Бас консулдық ақпарат қызметіне жерлесімізбен байланыста отырғанын мәлімдеген.

Қамауға алынған қазақстандық қыздың адвокат мен сол түні жанында болған достары мәлімдеме жасаған. Бұл туралы жергілікті БАҚ-тар хабарлады. Олардың сөзінше, күзет қызметкерлері оларға қырыңдап, телефон номерын алуға тырысқан. Жағдай ушығып, сөзге келіспей қалған. Артынша күзетшілердің бірі қыздың шашынан ұстап тұрып ұра бастаған. Қыздар полиция шақыруға тырысқан.