Bugin event
Қытайда маймылдың B (BV) вирусынан тұңғыш рет адам өлімі тіркелді
Бұл туралы Bugin.kz хабарлайды.
Басылым мәліметінше, бейжіңдік 53 жастағы мал дәрігері қайтыс болған, ол вирусты ғылыми мақсатта екі өлі маймылдың денесін сойған соң жұқтырған. Ал құсу, қалтырау сынды ауру белгілері бір айдан кейін, биыл сәуірде пайда болған. 27 мамырда ер адам қайтыс болды.
Мал дәрігерімен байланысқан адамдар вирус жұқтырмағаны анықталды. Ресми мәліметтерге сәйкес, Қытайда бұрын-соңды маймыл вирусынан өлім тіркелмеген.
1932 жылы табылған вирус адамға маймылмен тікелей байланыс кезінде ғана жұғады. Алайда одан өлім деңгейі 70-тен 80 пайызға дейін.