Bugin event

Олимпиадаға келген спортшы жоғалып кетті

Уганданың 20 жастағы ауыратлеті Юлиус Ссекитолеко хат қалдырып, жоғалып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

8 800 004 04 20

Дс-Жм 09:00-18:00

Уганда делегациясы 19 шілдеде Жапониядағы Олимпиада ойындарына қатысуға келген. Команда құрамында тоғыз адам болған, алайда екі қатысушының ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен. Юлиус Ссекитолеко жаттықтырушысымен 20 шілдеде еліне оралуы керек болған. 

16 шілдеде спортшы коронавирусқа жоспарлы сынама алу кезінде ұлттық құраманың лагерінде жоқ болып шыққан. Оның бөлмесінде хат тұрған. Хатта Ссекитолеко Жапонияда жұмыс істегісі келетінін, Угандаға оралғысы келмейтінін жазған. Спортшы делегация мүшелерінен заттарын беріп жіберуді сұраған.  

Тергеу кезінде Изумисано қаласында тұратын спортшы қонақүйден шамамен 200 шақырым жердегі Нагоиге дейін билет алып кетіп қалғаны анықталған. Жапония билігінің мәліметінше, бұл жерде былтырдың қорытындысы бойынша, шамамен 150 угандалық тұрған. 

Уганда делегациясының басшылығы спортшыны іздеу жұмыстары бойынша жергілікті билікпен жұмыс істеп жатыр. 

Споршы бір рет угандалық шенеуніктің қоңырауына жауап бергені белгілі болған.

Автор ретінде тіркеліп ақша табыңыз