Bugin event

Отан - отбасыдан басталады

Лаззат Рамазанованың Шымкент қаласындағы жергілікті  азаматтық қоғамдастық пен мемлекеттік атқарушы органдар өкілдерімен отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу мәселесін талқылау бойынша кездесу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2021 жылғы 21 қаңтарда Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев әйел мен балалардың құқығын қорғау, отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында жоспарланған шаралар туралы азаматтық қауымдастықтармен кеңінен талқылап, барлық пікірлерді назарға алу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында елдің әрбір өңірінде отбасы құндылықтарын сақтау, отбасындағы зорлық-зомбылықты алдын алу және отбасы институтын нығайтуға бағытталған заң нормаларын жетілдіру бойынша тұрғындармен кездесу шаралары өткізілуде.

Ү.ж. 21 шілдеде Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Лаззат Рамазанованың қоғам өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесуге Ұлттық және жергілікті комиссия мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, жергілікті полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, дағдарыс орталықтары мен белсенді үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.