Bugin event

Алдағы күндерде күннің ысуы байқалады

Қазақстанда 22-24 шілде аралығында күн жылынады, кей жерде ауа температурасы 44 градусқа дейін жетеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Қазгидромет ақпаратына сәйкес, оңтүстік және солтүстік облыстардан бөлек аймақтарда ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, 23 шілдеде шығыста, 23-24 шілдеде батыста найзағай ойнайды, екпінді жел тұрып, бұршақ, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Солтүстікте және орталықта күндіз ауа температурасы 30-38°C жылы, оңтүстікте 37-44°C-қа дейін, оңтүстік-шығыста 33-42°C-қа дейін көтеріледі.

Тек еліміздің батысында 33-41°C жылудан 25-33°C жылуға дейін біртіндеп төмендеу байқалады.