Bugin event

Нұр-Сұлтанда анасын қорлаған ер адам қамауға алынды

 Елордада 78 жастағы анасын қорлаған тұрғын 10 тәулікке қамауға алынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері ІІО-ның есебінде тұрған, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген, спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріп жатыр.

Тексеріс кезінде учаскелік полиция инспекторына әйел 56 жастағы ұлының спирттік ішімдік ішіп, үйге мас күйде келіп, оған балағат сөздер айтып, жанжал шығарып, психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткенін айтып шағымданды.

Бұған дейін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мінез-құлқына ерекше талап қойылған тұлға ретінде бір жыл мерзімге есепте тұрған.