Bugin event
Қызылордада қуаңшылық төңірегіндегі дау тыйылар емес
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Бұл жолы Арал әкімдігі жұрттың ашуын туғызды. Болат Өтемұратовтың қорынан жем-шөпке деп бөлінген 200 миллион теңге басқа мақсатқа жұмсалып кетіпті. Онсыз да 600 – ға жуық ірі қара малынан айырылған жандар атқамінерлердің бұл әрекетін түсінбей әлек.
«Міне, мыналардың барлығы өлудің аза-ақ алдында тұр. Жүдеу, өлейін деп тұр. Шөп болмағасын, жем болмағасын қай жақтан не істейді. Қызыл шақа болып терісі ғана тұр,оның ішінде еті қайда несі қайда дам білмейді. Мынау екі бастан».
Мария Есекеева төтенше жағдай енгізілгеннен бері оншақты уақ малын осылай қораға қамап қойған. Себебі, қуаңшылық басталғалы жеті қой-ешкісі өліпті. Амалсыздан есік алдында өсіп тұрған арам шөпті орып малға азық қып беріп отыр екен.
Шенділер жеке қордан көмек болып бөлінген қаржыға шөп-жем емес, ұңғыма қазу мен техника алуды жөн көріпті. Алайда, бұл шешімді аралдықтар қолдамай отыр. Ал республикалық бюджеттен бөлінуге тиіс 1 млрд 600 млн-нан әзірге хабар жоқ. Бұл қаражатқа 15 су ұңғымасын қазу, 8 каналды тазалау және жанар жағар май шығының өтеу сияқты жұмыстар жоспарланған еді.