Bugin event

Вакцина салдырған студенттерге берілетін сыйлықтар мен жеңілдіктер көбейді

Министрдің тапсырмасынан кейін 20 жоғары оқу орны жедел шаралар қабылдап, тізім тағы 10 университетпен толықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Вакцина салдырған студенттерге сыйлық беріп, жеңілдік жасайтын жоғары оқу орындарының саны артты, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, министрдің тапсырмасынан кейін 20 жоғары оқу орны жедел шаралар қабылдап, тізім тағы 10 университетпен толықты.

Оның ішінде Satpayev University, Қарағанды техникалық университеті, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, Торайғыров университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті бар.

Satpayev University вакцина салдырған студенттерге жеке стартап ашуға 5 миллион теңге грант, ЖОО жатақханаларында тұру үшін 20 орын, елдегі немесе шетелдегі жетекші компанияларда өндірістік практикадан өтуге жұмсалатын шығындарын толық өтеу, Qoldau бизнеске арналған цифрлық платформамен бірлесіп кәсіпкерлік дағдыларды дамыту курстарына 100 сертификат, сессияны уақытында тапсырмаған студенттерге курстардан екінші рет тегін өту және 3 кредитті қайта тегін тапсыру мүмкіндігін беріп отыр.