COVID-19
Дәрігер коронавирус инфекциясы адамның есту қабілетіне тікелей әсер ететінін айтты
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Коронавируспен ауырған кезде иіс пен дәм сезу ғана жоғалмайды, есту қабілеті де нашарлауы мүмкін. Sputnik радиосына берген сұхбатында жоғары санаттағы ЛОР-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Владимир Зайцев бұған вирустың жүйке жүйесін зақымдауы себеп екенін мәлімдеді.
"Коронавирус инфекциясы – нейротропты вирус, ол жүйке жүйесін зақымдайды, сенсоневральды кереңдікке әкеп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайда есту жүйкесінің түкшелі жасушалары зақымдалады, сөйтіп адамның құлағы естімей қалады",- деді дәрігер.
Оның айтуынша, адам керең болып қалуы да ғажап емес.
Тағы бір себеп — бұл вирустың есту түтігін зақымдауы.