Экология

"Табиғат тосынсыйға толы": Ақтаулық тұрғын әсерімен бөлісті

Ақтау тұрғыны бір топ қызғылт қоқиқаз түсірілген кадрларды жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

"Табиғат тосынсыйға толы. Кейде жағымды, кейде жағымсыз. Бірақ бәрі жоспардағыдай болмайды. Сөйтіп отырғанда тосыннан керемет бонус. Бәрін ұмыттырып жіберді. Өте әдемі жаратылыс, оларды жақыннан көру - ұмытылмас әсер", - деп бөлісті Mangistau_explorer лақапатымен белгілі Instagram қолданушысы.

Биолог және Еcojer қауымдастығының аймақтық экология кеңесінің мүшесі Әділбек Қозыбақов InAktau басылымына берген сұхбатында Маңғыстауда фламинго жыл бойы жүретінін айтты. Қыстауға бес мыңға жуық құс келеді, ал көктемде және күзде, яғни маусымдық қоныс аудару кезінде 20 мыңға дейін жетеді.

"Жазда фламинго аз - 1000-1200. Сондықтан басқа маусымдардағыдай байқалмайды. Жас құстардың түсі сұр, сондықтан адамдар бұл фламинго екенін білмейді", - деді Әділбек Қозыбақов.