Weekend
IQ тестінен 99% көрсеткішке ие болған ақылды адам
Димаш Әділет әлем бойынша IQ тестінен 99% көрсеткішке ие болған ақылды адамдар қатарына кіреді. Ол Швейцарияда 11 жасынан бастап тұрады. Негізгі білімін сол жерден алды. Ал экономика саласын тереңдетіп оқу үшін Гарвард университетіне түседі. Әлем бойынша ең мықты жоғары оқу орны саналатын Гарвардқа таза таланты мен ақылының арқасында оқуға түсті. Ата-анасының тарапынан ешқандай қаржылық көмек болмаған. Ол микро және макроэкономика, психология саласын зерттеумен айналысады. Әсіресе, психологияға ерекше көңіл бөледі. Психология оның жеке қызығушылығы. Оқыған кітаптарының 70 пайызы психологиямен байланысты. Оның ішінде көбісі бихевиоризм (тұтынушылардың, сатып алушылардың тауарды таңдау және сатып алу кезіндегі қылығының психологиялық негіздерін зерделеу теориясы) және әлеуметтік психологияға қатысты.
Екінші меңгерген саласы да жеке қызығушылығынан туған. Бұл бағытты мансап жолына таңдаған. Қаржылық биржа мен қор нарығы да қызықтырады. Оның айтуынша, сыртқы-келбет адамның мінез-құлқы және ішкі ниеті туралы хабар береді. Ал бұл аспект кәсіпті дамыту үшін маңызды екенін айтады.
Димаштың шын есімі - Дінмұхамед Әділетұлы Сұлтанбеков. Оның әкесі-Әділет Қожобергенов - "Достар" компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі. Анасы-Валентина Дурумбетова актриса (оның фильмографиясында "Құрақ көрпе" картинасы), сонымен қатар Respect жарнамалық-продюсерлік компаниясының бас директоры. Димаштың әкесі мен анасы - "Есік" винзаводының акция иелері.
Оның ютюб желісіне жариялаған роликтері мен суреттері жас жігіттің танымалдылығын арттыра түсті. Ал танымалдылық Димашқа сүйсініп қарайтын, ғашық қыздардың қатарын көбейткені рас. Ақылы мен сымбаты келіскен жігіт талай қыздың арманына айналды.
Димаш көрсетіп жүрген қымбат жиһаздар, бағалы сағаттар топтамасы көпшіліктің таңданысы мен қызғанышын тудырды. Жас жігіттің сыртқы бейнесі көптеген газет-журналдардың айнасы. Димаш сән көрінісінің әрі керемет спорттық дене бітімнің иесі.
Сәнқой әрі ақылды жігіт — кез келген қыздың арманы. Ал Димаштың ойындағы ару қандай болуы керек? Ол инстаргарам парақшасында қандай қыздарға назар аударатынын айтып, жан-жақты сипаттамасын ұсынды. Оның айтуынша, ол көзі көк немесе сұр түсті, арық және шашы ұзын қыздарға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.
Оның жанындағы серігі спортпен шұғылданатын, ұзын шашты әрі аққұба қыз болуы қажет. Болашақ жарына қойылатын басты талап-болмысы мен бітімінің бір-біріне сай келуі, қылықты, интеллигентті, тыңдай алатын қабілетінің болуы, үй шаруасына ширақ, мақсатшыл қыз болуы шарт.
Байлық адамды өзгертеді. Дегенмен, Димаш адамды қаржысы мен байлығына қарап араласу - үлкен қателік екенін айтады. Өзі адамның интеллигенттігіне, адалдығына, этикалық, моральдық құндылықтарына және мейірбандығы сынды қасиетіне қарап араласатынын айтады. Өмірде ең басты дүние ақша емес. Алайда мұны сылтау көріп, қол қусырып, әрекетсіз отыруға болмайды. Иә, ақша сізге бақытты сатып алып бермейді, алайда сізге бақыт әкелетін дүниелерді жасау еркіндігін береді.
Димаш Әділеттің этикалық құндылықтарын дәстүрлі деп атауға болады. Ол өз өмірінде туған үйі мен отбасын маңызды деп санайды. Алайда, жас жігіттің Швейцариядан Қазақстанға оралатын ойы жоқ. Себебі балалық шағының жарқын естеліктері Швейцарияда өткен және ол жерді екінші үйі ретінде көреді. Ол туған жері Қазақстанды жақсы көретінін айтады. Алайда өмірінің маңызды сәті Швейцарияда өткендіктен, кеткісі келмейді.