Bugin event

Карантиндік шектеу шаралары күшейтілуде

Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу, қала  аумағында карантиндік шектеу шараларының сақталуын  күшейту  жөніндегі шаһар әкімінің  тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов бүгін  ауданда құрылған  мобильді топпен бірге аудандағы  кәсіпкерлік нысандарын аралап, Шымкент қаласының Бас санитариялық дәрігері  қаулысының талаптарын  қатаң  сақтау қажеттігін түсіндірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кезекті мониторинг жұмыстары барысында аудан басшысы нысан иелері  мен қызметкерлеріне күнделікті  санитарлық талаптарды және  қаулыда  көзделген  тапсырмаларды бұлжытпай орындауды  тапсырды.  
Еске сала кетсек, Қаратау ауданы аумағында 1039 кәсіпкерлік нысандар бар. Қаратау ауданы аумағында 10 мобильді топ құрылып, карантин талаптарын сақтау туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 


Мониторингтік топтың жұмыс атқару барысы БАҚ пен әлеуметтік желілерде жариялануда. 
2021 жылдың  қаңтар-шілде айлары аралығында мобильдік топ жалпы  карантин талаптарын сақтамаған 522 нысанды анықтап, тиісті шара қарастыру үшін Қаратау аудандық  тауарлар  мен  көрсетілетін қызметтердің сапасы мен  қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолдаған болатын.
 Оның ішінде 488–іне әкімшілік айыппұл салынса, ал 34-і жұмыс үстінде. Толтырылған хаттамалардың жалпы соммасы 27 434 355теңгені құрайды.