Саясат

Карантинде той жасаған шенеунік қызметінен босатылды

350 адам шақырып, қызының ұзату тойын жасаған жер қатынастары басқармасының басшысы Қалел Мақсұтов қызметінен кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Аталған жағдайға байланысты Қарағанды өңірінің әкімдігі өкілі Жеңіс Қасымбек жауап берді.

“Бүгінгі күннен бастап жер қатынастары басқармасының басшысы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы карантинді өрескел бұзуы, яғни пандемия кезінде той шараларын ұйымдастыруына байланысты қызметінен босатылды.

Тағы да ескертемін: мұндай заңсыздықтар үшін жаза өте қатал болады. Мұнда мемлекеттік қызметкердің қызметтік этикасының барлық нормасы бұзылған. Облыста коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан үлкен жұмысты құнсыздандырмаңыздар. Тұрғындардың көңілін қалдырмаңыздар. Мәртебелеріңіз немесе жұмыс орнына қарамастан әрекеттеріңізге жауап бересіздер!”, – дейді Жеңіс Қасымбек. Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағандыда мониторингтік топ өкілдері Arista мейрамханасында карантин талаптарын бұзудың екі бірдей фактісін анықтағанын жазған едік. 

Ғимараттың үлкен залында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Қалел Мақсұтовтың қызының тойы болып жатқаны хабарланды. Шенеунікке қатысты арнайы тергеу ұйымдастырылды. Сондай-ақ аталған мейрамхананың жұмысы тоқтатылған белгілі болды.