Bugin event

"Найзағай түсті": Алматыдан шыққан ұшақ әуежайға қайта оралды

Алматыдан ұшып шыққан "Эйр Астана" ұшағы найзағай түсті деген хабардан кейін әуежайға оралды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Оқиға 9 тамызда кешке Алматы - Тбилиси бағыты бойынша ұшатын әуе кемесімен болған. Ұшақ 20.30-да ұшып, найзағай түскен болуы мүмкін деген себеппен Алматы әуежайына оралды. 

"Ұшақ штаттық режимде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Борт ауыстырылғаннан кейін жолаушылар межелі пунктке сағат 00.40-та ұшып кетті. Ұшақ инспекциясы толық көлемде орындалды, найзағайдың түсу іздері табылған жоқ", - деді "Эйр Астана" әуекомпаниясының өкілі.

Әуе кемесі пайдалануға берілгені атап өтілді.