Bugin event
Павлодар облысының тұрғыны отбасылық жанжал кезінде жұбайына спирт құйып, өртеп жіберген. Денесін қатты күйік шалған әйел жансақтау бөліміне жеткізілді
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Полиция мәліметінше, оқиға Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде болған.
"Ерлі-зайыпты арасындағы жанжал түнде басталған. Күйеуі мас күйінде көлігімен кетуге тырысқанда әйелі оны тоқтатпақ болған. Жанжал барысында күйеуі тоңазытқыштан спирт алып жұбайына құйып, от жағып жіберген", - деді Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер 34 жастағы зардап шегуші денесінің 50 пайызын күйік шалғанын және жансақтау бөлімінде жатқанын айтты. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалаған.
"Оқиға орнына бірінші болып келген медицина қызметкерлерінің айтуынша, ер адам әйелі екеуі бір-біріне спирт құйып, от жағып ойнап, көңіл көтермек болғандарын айтты", - деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.