Bugin event
Теміртауда 9 тамызға қараған жаппай төбелес болды. Төбелес кезінде қарумен оқ атылған
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Оқиға салдарынан 27 жастағы ер адам медициналық мекемеге жатқызылды.
Оқиға көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кейін ол жазба әлеуметтік желілерде тарап кетті. Кадрлардан бір топ адамның көлікке шабуыл жасап жатқанын көруге болады. Ал, жүргізуші оларды көлікпен соғуға тырысады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 9 тамызға қараған түні Теміртаудағы 4-ықшамауданда болған.
Видео Желіде пайда болғаннан кейін оған қатысты Қарағанды облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов пікір білдірді. Ол бұзақылық ниетте оқ атқан видео кейіпкері ұсталғанын айтты.