Bugin event

Қостанайда 2 жасар бала тереңдігі 8 метр құлыққа түсіп кеткен

Қостанайда 2 жасар бала құдыққа құлап кетті. Бұл туралы Қазақстан ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Оқиға 10 тамызда сағат 17:25-те Қостанай облысы Садчиковка ауылында болған. Жеке секторлардың бірінде тереңдігі 8 метр құдықтың ұңғымасына 2 жасар бала құлап кеткен.

"Бала 3.5 метр тереңдікте кептеліп қалған. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар алдымен бала дем алып жатқанына көз жеткізген. Олар жедел түрде шұңқырға оттегін жіберіп, баланы шығарып алу мақсатында ұңғыманың жанынан тағы шұңқыр қазған. Құтқарушылар шұңқырдан қолы ғана көрініп тұрған баланы арқанның көмегімен шығарып алды", - делінген ТЖМ хабарламасында.