Bugin event

Үйі өртенген отбасы қорада күнелтуде

Семейде үйі өртеніп кеткен отбасы бала-шағасымен мал қорада тұрып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Бұрын мал қора болған шағын сарай қазір көпбалалы отбасының баспанасына айналған. Себебі Толғанай Рақымжанқызының үйі өртеніп, төрт баласымен далада қалған. 

"Бүкіл дүние-мүлкіміз, бәрі жанып, жарамсыз жағдайға түсті. Жердегі паластарымыз, еденге дейін өртенген. Осындай қиын жағдайда тұрмыз", - дейді Толғанай Рақымжанқызы. 

Қазір отбасы бұрын төрт түлік жем-су жеген жерде жатып, ас ішіп отыр. Күндіз қораға торғай кірсе, түнде жарқанат ұшады екен. Ал жаңбыр жауса, төбедегі тесіктерден сарай ішін су басады.

"Шатыр ішінде шайымызды ішеміз. Кейін сиыр тұрған қорамызға келіп жатамыз. Кішкентайларым диванда жатады. Үлкендер жерге матрас салып, сонда жатамыз", - дейді көпбалалы ана. 

Толғанай Рақымжанқызы қант диабетімен ауырады. Ал кенжесінің мүгедектігі бар.  

Өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Марина Часовникова бұл отбасының жағдайынан хабардар екенін айтты.