Bugin event
Көпшілікке белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың басы дауға қалды. Өнер өкілінің қызының орнына ҰБТ-ға басқа адам кірген деген ақпарат тарады. Бұған полиция түсініктеме берді
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Полицияның жауабынай сәйкес, бұл оқиға 13 маусым күні болған. Сынаққа жалған құжатпен кірген адамдарды Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері анықтаған.
“Тергеу кезінде жалған жеке куәлік жасаған 22 жастағы күдікті ұсталды. Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – деді полиция департаментінде.
Тұрсынбек Қабатотың қызының орнына басқа адам тапсырмақ болды деген ақпаратты заңгер Абзал Құспан жариялады.
“Тұрсынбек бауырымнан көңілім қалды. Алматыда қат-қабат шаруалардан, кездесулерден қол босамай тұр. Бірақ, кеше ҰБТ қорытындысы шыққасын, әзірге өзіме ғана белгілі мына бір хабарламамен бөліскім келеді. Бұны маған жеке өзім танитын сенімді адам айтты. Стилистикасы сақталады. Істің номері, астанадағы қай аудандық полиция тергеді, мән-жайлар туралы қолым босағанда, қосымша жазамын.
“13 маусым күні Әдемі Тұрсынбекқызы Аманғалидың орнына тестілеуге ЕНУ-дың 2 курс студенті, грантта оқып жүрген Сымбат Қанай тест тапсыруға кірген. Тұрсынбектің қызы жалған құжат жасатқан. Алдында Тұрсынбектің қызы сәуір, мамыр айларында бірнеше рет тест тапсырып, төмен балл (60 балға жетпеген) жинаған. Қызы астанадағы ең үздік деп танылған мектепті Алтын белгіге бітірген. Тестілеуге кіру барысында барлық тестіленушілер, Тұрсынбектің қызының орнына басқа тұлғаның жалған құжатпен кіргеніне куә болған. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды, алайда Тұрсынбектің қызы құтылып кетеді деп отырмыз. Өйткені жалған құжатты дайындаған адамды ғана кінәлі деп танып отыр”, – деп жазды заңгер желіде.