Weekend
Көпбалалы отбасылар мәселесін қалай шешуге болатынын айтты
Бүгін мәжілістің жалпы отырысында бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-минитрі Нұржан Әлтаевтың депутат болып сайланғаны белгілі болды.
Журналистер жаңа депутаттан еңбек министрлігінен неге дәл осы қиын уақытта кетіп қалғанын сұрады. Нұржан Әлтаев мұның тек сәйкестік екенін, депутаттар қатарына баяғыдан қосылғысы келіп жүргенін ашық айтты.
Нұржан Әлтаевтың айтуынша, ол алғаш рет мәжіліс депутаттығына 2004 жылы үміткер болған. Алайда ол кезде елдегі ең жас кандидат болғандықтан, өтпей қалған. Екінші рет сайлауға 2016 жылы қатысқан. Сол кезде "Нұр Отан" партиясынан депутаттыққа кандидаттар тізіміне кіріп, резервте тұрған.
Сонымен қатар, БАҚ өкілдері Әлтаевтан елдегі көпбалалы отбасыларды қолдау мәселелерін қалай шешуге болады деп сұрады.
«Егер үнемдесе, айына бір балаға 20 мың теңге жеткілікті деп ойлаймын. Меніңше, бұл мүмкін", - деді мәжілісмен.
Бұған қоса, Әлтаев депутат ретінде айына қанша жалақы алатынын әлі білмейтінін мәлімдеді. Депутаттардың баспанасына қоныс аудармаған, жалға алған екі бөлмелі пәтерде тұрады екен.