Bugin event

Асыранды баланы аямай соққыға жыққан

Қамқорлық органдары 35 жастағы Сарқан қаласының тұрғыны мен оның жұбайын тексеруде. Бұған дейін олар төрт бірдей баланы асырап алған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Көршілердің айтуынша, балаларды болмашы нәрсеге бола жазалайды. Полиция аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Балаларды қорлау әрекеті туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Автор жазбасында Сарқанда жас отбасы балалар үйінен асырап алған жасөспірімдерді ұрып-соғатыны айтылады.

Болжам бойынша, балаларды тентектік жасағаны үшін жазалайтын көрінеді. “Отбасында балалар үйінен асырап алған төрт бала бар, оларды үнемі қорлап, ұрып-соғады. Күн сайын аптап ыстықта баланың арқасына 6 кірпіш қойып, аузына құм салады. Көршілер араша түсуге тырысып, полицияға хабарласты. Қазір қорлау әрекеттері үйде жалғасуда. Күн сайын балалардың айқайы мен еңіреп жылағанын естиміз”, – делінген жазбада.