Білім және ғылым
Аймағамбетов мектепте қай мамандардың 100 пайыз қосымша ақы алатынын айтты
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды
Қазақстанда бір бағдарлама бойынша жұмыс істеп, бюджеті, мүмкіндігі бірдей болғанына қарамастан жетістігі әртүрлі болатын мектептер бар. Бұл көрсеткіш мектеп директорына тікелей байланысты. Сондықтан алдағы уақытта мектеп мамандарына қосымша ақы тағайындалады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
Білім және ғылым министрінің айтуынша, тиімді менеджмент нәтижесінде мектепте кәсіби ұжым мен оқуға арналған қолайлы орта құрылады. Сондықтан осы мәселеге назар аудару өте маңызды.
"Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, айырмашылық көбінесе мектеп басшысына байланысты. Өйткені тек мықты директор ғана үздік нәтижелерге қол жеткізетін ұйымшыл ұжым қалыптастыра алады. Мұндай директор жұмысты тиімді ұйымдастырып, ата-ана, оқушы және білім беру құрылымдарымен ашық жұмыс істейді. Сонымен қатар, қызметкерлерді жігерлендіріп, тек жетекші болып емес, шығармашылық тұрғыда шабыттандырушы әрі көшбасшы да бола біледі", - деп жазды Асхат Аймағамбетов Facebook желісіндегі парақшасында.