Саясат

"Талибан" АҚШ әскеріне елден кетуге 31 тамызға дейін уақыт берді

"Талибан" қозғалысының өкілі (Жоғарғы сот шешімі бойынша, Қазақстанда тыйым салынған) Сухейл Шахин 31 тамыз АҚШ әскері елден кетіп үлгеруі керектігін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

"Бұл соңғы күн. Президент Байден 31 тамызда барлық әскери күштерді шығаратынын мәлімдеді. Сондықтан, егер олар (елде болу уақытын) ұзартса, елді басып алуды ұзартып жатқанын білдіреді", - деді Шахин Sky TV телеарнасына берген сұхбат.

Оның айтуынша, егер Америка Құрама Штаттары немесе Ұлыбритания эвакуацияны жалғастыру үшін тағы уақыт сұраса, оның жауабы анық - рұқсат берілмейді. "Әйтпесе, мұның салдары күшті болады", - деді ол.

Еске салайық, 17 тамызда "Талибан" қозғалысы Ауғанстанның бүкіл аумағын бақылауға алғанын жариялаған болатын. Содырлар үкіметпен Кабулға бейбіт жолмен кіру мүмкіндігі туралы келіссөз жүргізіп жатқанын және Ауғанстан үкіметі өтпелі кезең аяқталғанға дейін Кабулдың қауіпсіздігі үшін жауап беретінін айтқан.