Bugin event

Мектеп директорларын тағайындаудың жаңа тәртібі шықты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп директорларын тағайындаудың жаңа тәртібін түсіндірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

"Мектеп директорларын тағайындаудың жаңа тәртібіне тоқталып өтсем. Шын мәнінде, бұл - мектеп директорлары, оқу меңгерушілері, педагогтер және сарапшылармен бірлесе бір жылдан аса уақыт атқарған тынымсыз жұмыстың нәтижесі. Біріншіден, енді мектеп директорының міндетін атқарушы болып үш айдан аспайтын және бір реттен артық емес мерзімде ғана істеуге болады. Осы кезеңде конкурс өткізіліп, жаңа басшы тағайындалуы керек", - деп жазды министр.

Аймағамбетовтің айтуынша, мектеп директорының бос немесе уақытша бос лауазымына конкурс туралы хабарландыру бос орын пайда болғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде білім басқармасының ресми сайтында және аккаунтында орналастырылуы керек.

Аймағамбетовтің айтуынша, байқау бірнеше кезеңнен тұрады:

  • кандидаттардың директор лауазымына құжаттарды тапсыруы;
  • білім басқармасындағы кадр қызметінің кандидаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауы, конкурсқа қатысуға рұқсат беруі;
  • үміткерлерге арналған электрондық тестілеу (басқарушылық құзыреттер, педагогика, психология, ҚР Заңнамасы бойынша тестілеу);
  • оқу орнының Қамқоршылық кеңесінің алдында мектептің даму жоспарын қорғау (тестілеуді сәтті тапсырған жағдайда);
  • Білім басқармасындағы әңгімелесу (Қамқоршылық кеңесінің алдында мектептің даму жоспарын сәтті қорғап шыққан үміткерлер жіберіледі).