Қоғам

Тоқаев: Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар

Мемлекет басшысы Жолдауында мемлекеттік тіл мәселесі жөнінде айтты.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президент Жолдауында қазақ тілін қолдану заман талабы екенін және  әрбір адамның қазақ тілін үйренуі керектігін баса айтты.

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Мемлекеттік тілге қатысты өз Жолдауында: «Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясттың басым бағытының бірі болып қала береді. Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар. Қазақ тілі шын мәнінде білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Жалпы, мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді. Бұл - заңды құбылыс, өмірдің басты үрдісі. Сондықтан қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ. Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл - қазақ тілі», - деді.