Білім және ғылым
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халықаралық олимпиада жеңімпаздарына берілетін сыйақы мөлшерін мәлімдеді.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Үкімет отырысында министр Асхат Аймағамбетов: «Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын ынталандыру және қолдау мақсатында «алтын» медальға 1500 АЕК, биыл ол 4,5 миллион теңгеге жуық, «күміске» - 1000 АЕК, «қолаға» - 500 АЕК ақшалай біржолғы сыйақы тағайындау жоспарлануда», - деді.